Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні мерекесінің қарсаңында ел президенті Нұрсұлтан Назарбаев Нұрлан Қоянбаев жүргізетін «Түнгі студия» бағдарламасына келді.
Бұл сұхбаттың эфирге қашан шығатыны айтылмапты. Бірақ ол Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні мерекесінде шығуы бек мүмкін.
Қалжыңбас Қоянбаевтың Президентке қандай сұрақтар қойғаны да белгісіз, оны жақын арада телеарнадан көретін боламыз.
Айта кетсек, бірер күн бұрын Нұрсұлтан Назарбаев Bloomberg News және “Россия 24” телеарналарына сұхбат берген еді.