Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Отбасы күні: елорда тұрғындары үлкен отбасылық квест ойнады

353

Мереке қонақтары үшін қызықты отбасылық конкурстар, Астананың жетекші психологтарының кеңестері, футбол, допты хоккей, аквагрим, әуе жыландары мен ұшақтарын іске қосу бойынша түрлі мастер-класстар дайындалды.

Ең талантты қатысушылар естелік кәдесыйлар мен сыйлықтарға ие болды.

Мерекені «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры «Замандас 21» қоғамдық қорымен бірлесе отырып, Есіл ауданы әкімдігінің, Астана қаласы №12 бұқаралық кітапханасының КММ “Орталықтандырылған кітапхана жүйесі”, “Келешек”психологиялық орталығының қолдауымен ұйымдастырылды.

Мерекеде құттықтау сөзбен «Есіл» ауданы әкімінің орынбасары Арслан Бисембаев сөз сөйледі. Өз құттықтауында ол, отбасы – қоғам негізі, рухани-өнеге тіреуінің және құндылықтың, мәдени және ұлттық дәстүрдің сақтаушысы екендігін және солай қала беретіндігін атап өтті. Онда ішкі дүние, мінез, тұлға қызығушылығы, Отанға деген сүйіспеншілік, еңбекқорлық, үлкенге құрмет қалыптасады. Сондай-ақ, Бисембаев А.А. «Замандас» Қоғамдық қорына отбасы институтын нығайтуға және отбасы аула клубтарының дамуына қосқан белсенді қызметі үшін алғысын білдірді.

«Бала қандай ортада өседі, оның айналасына қандай психологиялық және адамгершілік моральдық ахуал жасайды,одан ертең қандай адам өседі?

Біздің серіктестеріміз – «Замандас 21» ҚҚ осы мәселені шешумен айналысып, нәтижесінде отбасылық аула клубтары пайда болды», – деп атап өтті басқарушы директор – «Samruk-Kazyna Trust» қорының ресми өкілі Мирас Иргебаев.

«Samruk-Kazyna Trust» басқарушы директоры халықтың қорғалмаған топтарынан шыққан отбасыларға үлкен көңіл бөлінетінін атап өтті.

«Біздің бүгінгі отбасы күніне арналған іс-шарамыз, бірінші кезекте, халықтың әлеуметтік осал топтарының отбасыларына бағытталған. Бүгін осында болғандардың көпшілігі, «Замандас» отбасылық аула клубтарына барады.Осындай клубтарда ата – аналар өз балаларын дамытушы үйірмелерге беріп қана қоймай, мамандардың тегін психологиялық кеңесін ала алады», – деді Мирас Иргебаев. 

Осындай керемет, күзгі шуақты күні ата-аналар мен балалар квест, мастер-кластарға қатысып, бұл күнді бірге қызықты, белсенді, көңілді өткізді.

«Ата-аналар Астананың жетекші психологтарының жеке кеңестерін алды. Мұндай іс-шаралар отбасыны нығайту үшін өте маңызды және қажет, әсіресе қазіргі уақытта виртуалды технологияларды, балалар мен ата-аналар телефонмен немесе гаджетімен әуестенеді. Қарым-қатынас жасау, тілдесу баланың дамуы үшін, әсіресе өсу кезеңінде өте маңызды. Сондай-ақ, мұндай белсенділік баланың нақты өміріне қатысу үлкен пайда әкелетінін түсінуге көмектеседі.

«Замандас» отбасылық аула клубтары Астанада 8 жыл бойы жұмыс істеп келеді және отбасыларын нығайту және балалардың бос уақытын ұйымдастыру бойынша өз жұмысын жалғастыратын болады.

Осы жобаны қолдағандардың барлығына, біздің бас демеушіміз «Samruk-KazynaTrust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорына, Есіл ауданының әкімдігіне, Астана қаласының № 12 бұқаралық кітапханасына КММ «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі», «Келешек» психологиялық орталығына, «Замандас» клубының барлық қызметкерлеріне, педагогтары мен жаттықтырушыларына, балалар мен олардың ата-аналарына алғысымызды білдіреміз. Мереке күні өтті, біз бәріміз бақытты тату отбасы болдық», деп қосты Мирас Иргебаев.

 

  • Естеріңізге сала кетейік, қыркүйектің екінші жексенбісінде Қазақстанда Отбасы күнін атап өтеді.
  • Бұл күн отбасылық қарым-қатынасты нығайтуға және демография мәселесіне назар аударуға, сондай-ақ мәдени құндылықтарды, дәстүрлерді, рухани өмірді сақтауға арналған.

http://www.sk-trust.kz/ru/projects/dvizhenie_v_interesah_detey1

https://www.instagram.com/zamandas21/

https://www.facebook.com/pg/ofzamandas/

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз