Сирияның қаруланған оппозиция өкілдері келесі кездесуге қатысу үшін Сочиге барғысы келмейді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
“Келіссөздердің тек Астанада ғана жүргізілгенін қалаймыз.
Басқа жерге бармаймыз”, — деп мәлімдеді сириялық оппозиция делегациясының басшысы Ахмед Тоама жалпы отырыста.
https://kaz.365info.kz/elordada-astana-protsesi-m-rege-zhetti-247235
Астанада 14-15 мамыр күндері Сириядағы ахуалды реттеу бойынша келіссөздердің тоғызыншы раунды өтті.
Қорытынды бойынша ортақ мәлімдемеде кепіл елдер – Иран, Ресей және Түркия келесі раундтың биыл шілде айында Сочиде өтетінін айтқан.
https://kaz.365info.kz/astanada-siriya-kharuly-oppozitsiyasynyn-okili-kelissoz-ystinde-ajgajlap-zaldan-shygyp-ketti-261186