Нұр-Сұлтан
Қазір
13
Ертең
13
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

«Осымен тоқтайық». Қыздар, қытайға күйеуге шықпаңдаршы!

266

«18-40 жас аралығындағы басы бос қыздар мен әйелдер! Пекиннен Астанаға некеге тұру мақсатында элиталық клубтың бойдақтар тобы келе жатыр. Арнайы іс-шаралар жоспарлануда. Ер азаматтар жақсы қамтамасыз етілген, еуропалық жоғары білім алған, ағылшын тілін біледі, көбі орыс тілін біледі. Күйеу жігіттің анкетасымен неке агенттігінде танысуға болады. Клиенттер үшін қатысу бағасы 15000 теңге, клиент еместерге 25000 теңге. Таңдау бар. Барлық сұрақтар бойынша: 8 702…98… хабарласыңыз»…

Керемет қой,

15-20 мыңға ағылшын мен орыс тілін меңгерген жап-жақсы қытайды ұстап аласың. Ауылдың “мал айдап” жүрген жігіті кімге керек?

Қыздың ары – ұлттың ары. Қазақ қызының өзге ұлттың жетегінде кеткені – ұлттың намысы. 30 жыл бұрын тек мұрагер атанатын ұл балаларды ғана туғызуға рұрсат беріп, соларды ғана ұрпақ санайтын Қытай азаматтарының саны қазір 31 миллион еркек! Есесіне бізде қыздар бар.
Мұхтар Шаханов ағамыз айтқандай, жерді Қазақстан азаматтарына жалға бергенде осы мәселені қатаң түрде ескеруіміз керек. Қазір 24 мың қазақ қызы қытай жігіттеріне тұрмысқа шығыпты. Бұл үрдіс үлкен деңгейде жалғасып жатыр. Болашақта Қазақстан азаматшасына үйленген қытайлық күйеу балалар сан миллиондаған жерді жалға алып, Қытай құдаларды қаптатса қайтеміз?

Желіде мынадай видео жүр:

Қазақ қызға үйленсең, Қытайда сені бүкіл арналарға көрсетіп, мақтан тұтатын болады. Қытай жігіттеріне керемет жарнама ғой бұл. Қазақстанға барып, қазақтан қыз алсаң, бір жағынан үйленесің, екінші жағынан теледидарға шығасың.

Осы жылдың басында ғана Қазақстандағы Қытай елшісі Чжан Ханьхуэй журналистерге берген сұхбатында “қазақстандық қыздар қытайлық жігіттерді өте қызықтырады” деп ашық айтқан болатын.

Күйеу жаман болса, қызыңнан дейді. Аналар жеткілікті тәрбие бермеген бе, білмеймін. Бірақ, адам болам десең, арыңды ақшаға сатпа!

Айтарым осы.

Бәтес Ерболат

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз