Нұр-Сұлтан
Қазір
15
Ертең
2
USD
446
-0.83
EUR
475
-0.80
RUB
4.78
-0.01

“Баяннан асып түсем…”. Тауда тығылып жүрген Ерке Есмахан осылай деді (видео)

254

 

 

https://kaz.365info.kz/ayagy-auyr-erke-esmahan-maldiv-araldarynda-zhyr-video-299985

Ал, менің жаңа кинотуындымды тек Асқар Ұзабаев таспалай алады деген Ерке, басында жаңа жұмысын біраз жатырқаған көрінеді.

«Шыны керек, мен бас жағында үйрене алмай жүрдім. Ұйқым бар ұйықтамай жүрген. Оның қасында уайымдайсың, қалай бәрі болады деп. Бірақ, 2,3,4 күннен кейін кәдімгідей өзімді жақсы сезініп, осы атмосфераға кіріп, киноның қалжыңын түсіне бастадым», – дейді Ерке.

Картинада Еркеге қарапайым ауыл қызының образы бұйырған. Түсірілім алаңында оның фильмдегі ағайын-туысы да қызу еңбектенуде.

«Мен Мақпалдың әкесінің рөлін сомдаймын. Мақпал деген біздің Ерке Есмахан. Жолдың бойындағы «Махаббат» кафесінде», – дейді Әбунасыр Серіков.

Отбасылық комедияның оқиға желісі дәл осы «Махаббат» кафесінде өрбиді. Ал, туысқандық қарым-қатынас, ғашықтық пен ауылдың аңғал атмосферасы суреттелетін картинаға, қажетті локация ұзақ таңдалған.

 

 

https://kaz.365info.kz/ia-boldym-tanymal-anshi-syryn-ajtyp-khojdy-311529

«Жалпы ауа-райы да бізге көмектесіп жатыр, осы ауылдың тұрғындары да бізге көмектесіп жатыр. Мысалы, мына түсіріп жатқан кафеде, әже күнде тамақ береді. Таза ауа, күнде жейтініміз ет. Салмақ жиналып жатыр», – дейді актер Шәріп Серік.

Осындай жағымды да жанға жайлы ортада кино түсіруге кіріскен ұжым, көрерменге сәтті туынды ұсынады деп сенеміз!

«Бұйыртса осы күзде «Кафе Махаббат» киносына  келіңізідер!», – дейді Есмахан.

 

 

https://kaz.365info.kz/dimashty-da-ostigen-bespaev-zajytov-khysap-maskhara-boldy-video-311493

Айта кетелік, жас қыздарды сахнаға алып шығуды табыс көзі еткен танымал продюссер Баян Алагөзова соңғы кездері кино бизнеске бет бұрған. Көбіне жеңіл, комедия жанрында келетін оның фильмдері орысша. Ал бертінде қазақша „Қозы-Көрпеш Баян сұлу„ фильмін түсіріп, ол қоғам тарапынан наразылыққа ұшыраған еді.

 

Дерек көз:Stan.kz.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз