Күйеуінің сырқаты және басқа да жағдайларына байланысты Өтегенова бас бостандығынан айырылмайтын болды. Ол мемлекетке 21 миллион теңге өтеуі тиіс.
Қостанай облысы қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот коллегиясының төрағасы Қостанай облысының прокурорының облыстағы фармбақылау департаментінің экс-басшысы Өтегеноваға қатысты қылмыстық іске байланысты наразылығын қанағаттандырды деп жазады “Алау” басылымы.
Осыған байланысты соттың алғашқы шешімі өзгертіліп, бас бостандығынан айыру жазасы 21 миллион теңге көлемінде айыппұл салумен алмастырылды.
Еске сала кетелік, бұрынғы шенді Өтегенова ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы, яғни “Бірнеше мәрте ірі көлемде пара алу” бойынша сотқа тартылған. Прокурор Өтегенованы айыппұлмен жазалауды сұраған. Алайда 10-қазанда Қостанай қалалық №2 соты оған барлық мүлкін тәркілей отырып, 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасын кескен болатын.