Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
18
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Қостанайда емшекте баласы бар келіншекті ұрып-соққан екі полиция қызметкері сотталды

Айта кетсек, Қарабалық ауданында екі полиция қызметкері емшекте баласы бар әйелді ұрып-соғып, азаптаған.

Қостанай облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ұлттық бюро департаменті Рудный аймағы бойынша ауданаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бөлімі Қарабалық аудандық ішкі істер басқармасы басшысының бұрынғы орынбасарларына қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады, деп хабарлады Қостанай облыстық прокуратурасының басқарма басшысы Қайрат Жүсіпов.

Қостанай облыстық прокуратурасының баспасөз қызметінен хабарлағандай, сотқа дейінгі тергеу барысында ішкі істер басқармасы басшысының екі орынбасары 20 жастағы әйелді параға сатып алуға әрекеттенгені анықталды.

«Олар қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдалана отырып, зардап шеккен әйелге азаптауға қатысты соттағы түсініктемесін өзгерту үшін 100 мың теңге ұсынған», – деп атап өтті Қайрат Жүсіпов.

Сот екеуінде кінәлі деп таныды.

Олардың біріне 3,5 жылға бас бостандығынан айыру мен құқық қорғау органдарында және мемлекеттік қызметпен айналысу құқығын 3 жылға шектеу жазасын тағайындады. Сондай-ақ, ол полиция аға лейтенанты атағынан айырылды. Екінші сотталушы 3 жылға түрмеге тоғытылып, құқық қорғау органдары мен мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығы 3 жылға шектелді. Ол да полиция майоры атағынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз