Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
9
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Қостанайда дәрігерлер көмегіне зәру болған 350 келілік әйел көз жұмды

Биыл шілде айында салмағы 350 келіден асып кеткен 39 жастағы Галина Воробьева шарасыз күйге түсіп, тілшілерден жәрдем сұраған еді. Әйел адам ол кезде салмағының қанша екенінен бейхабар болатын, өйткені бірде-бір таразы мұндай дене салмағын өлшеуге жарамайтын еді.

Салмағының шектен тыс артып кетуінен әйелдің денсаулығы сыр бере бастайды. Мамыр айында Галина үйден мүлдем шықпайтын болған, себебі аяғының ісіп кеткені сонша жүруге шамасы келмейтін. Әйелді ауруханаға жеткізу үшін төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерін шақыруға тура келді.

БАҚ мәселе қозғағаннан кейін әйел адамға әр түрлі ауруханалардан шақыртулар келіп түсті, алайда Галина қандай көмекке мұқтаж екендігін шеше алмастан дүниеден озды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз