Қостанай тұрғыны қалаға Елбасы келгенде күн нұрланып кететінін айтты.
«Тәуелсіздіктің 25 жылы ішінде Елбасының Қостанайға келген күні қалада “Нұрлы күн” мерекесі орнайды. Нұрлы күн – бұл ең нұрлы, ең жарқын күн. Оның әр келгені табиғатты да қуантады. Ауа-райының тамаша болып тұруы кездейсоқ емес. Міне, бүгін де күн шуақты, ашық болып тұр. Тұрғындардың да жаны нұрланып, қуанышты көңіл-күйде”, – деді президентке жалынды сөздерін жаудырған келіншек.
Дереккөз: www.nur.kz