Шығыс Қазақстан облысы бойынша Индустриалды даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің департамент жетекшісі ұсталды.
Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық-бюросының баспасөз қызметі хабарлады.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, Индустриалды даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің департамент жетекшісі А.Закирьяновтың қылмысы әшкере болған. Ведомстводағылардың айтуынша, ол өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жоба құжаттамасына келісім беру үшін кәсіпкерлік субъектілерінен жүйелі түрде пара алып отырған.
“2017 жылдың 12-сәуірінде кәсіпкерден 90 мың теңгені, яғни кезекті параны алып жатқан жерінен Закирьянов ұсталып, Өскемен қалалық ІІД-нің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Параның жалпы сомасы – 2 миллион теңге”, – делінген хабарламада.