Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
2
USD
497
-2.63
EUR
543
-1.68
RUB
6.05
+0.09

Өскеменде балақай қуыршақтан уланып, ауруханаға түсті

Мөлшерден тыс улы химикат бүлдіршіннің терісі арқылы қанына сіңген. Бұл жағдайдан соң мамандар дереу ойыншықтарды дүкен сөрелерінен алдыра бастады. Яғни, сырттан келген балалар тауарының сапасы жіті қадағаланбаған боп шықты. Ол тұрмақ, ойыншықтар жалған сертификаттармен сатылған. ЛОЛ қуыршақтарын сатқан дүкен иелеріне жаппай 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды. Десе де, қоғамдық денсаулықты қорғау мамандары импорттық тауардың өндірушілерін де жауапқа тартуға шақырды.

Айта кетйік, ЛОЛ ойыншықтары 3 жастан асқан қыз балаларға арналған. Әрі топтамасымен сатылады. Ал әр сериясында жүз түрлі қуыршақ бар.

“ЛОЛ қуыршағының әрбір бөлшегін тексердік. Шарын, сыртындағы қорабын, ойыншық сөмкесін. Қуыршақтың өзінде фенолдың 60 есе көп мөлшері табылды. Ал шарында 160 есе көп қауіпті зат табылды. Тауардың бір партиясы саудадан алынды. Әрі қарай да шара қолданатын боламыз”, деді Алена Кравченко, Шығыс Қазақстан облыстық қоғамдық денсаулықты қорғау департаментінің бөлім жетекшісі:

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2025 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз