Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
4
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

“Орыстың әйелдері жақсы береді…”. Ажырасқан Әнуар түніне 50 мың теңге тауып жүр

243

Намыс пен жігерді жиып қойып, қыз-келіншектердің арқасында күндерін көріп жүргендер туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Осындай атпалдай азаматтар бұрын отбасының да, елдің де жүгін арқалап жауға шапқан. Мені көтеріп келе жатқан мына жігіттер сол дəстүрді жалғастырушылар. Алайда, кейбір жігітсымақтар алып дене бітімін қарабасының қамы үшін саудаға салуда! Тікелей айтсақ, тәнін сатып, күнін көруде. Бабаларымыз, ұрпағымыз ұсақталып кетпесе екен деп бекер уайымдамаған екен дейсің, осындайда.

 

https://kaz.365info.kz/sheshin-ystajmyz-dedi-karimzhan-esimdi-trans-tyrmedegi-tagy-bir-symdykhty-ajtty-foto-320309

Сұңғақ бойлы, денем жаттықтырылған әрі сымбаттымын!

Ғаламтордағы осылай ер азаматтардың өзін саудалаған жарнамалардан көз сүрінеді. Тіпті жаға ұстайсыз! Бірнешеуіне хабарласып, нақты бағаларын сұрадық. Қазақ жігіттерінің оған жауаптары мынадай:

Құдай берген бітімін бұлдап, тәнін саудаға салатын жігіттер шығуда біздің қоғамда. Өздерін осы заманның серілеріндей сезінетін олар, күнделікті нәпақасын осындай жолмен табуды ар санамайды. Солардың бірімен хабарласып, кездесуді жоспарладық. Бекітілген уақытта жігіт те келе қалды.

https://kaz.365info.kz/kolikte-boldykh-kyjeuinin-basyn-khalaj-ajnaldyrganyn-ajtkhan-kelinshek-kozine-zhas-aldy-322004

-Есіміңіз кім?
-Сәлеметсіз бе? Әнуар

Әнуар ерте үйленген. Бірақ жұбайымен дәм-тұзы жараспай, ажырасып кеткен. Бұл күнде жұмыссыз. Ал, эскорт қызметіне келгеніне 4-ақ күн болыпты. Соған қарамастан, клиент қыз-келіншектер көп дейді.

– Қызметіңіз қанша тұрады?
-Бір күнге 50 мың. Кеше Ресейден келген әйел 180 мың теңге төлеп кетті.
-Біліміңіз бар ма?
-Жоғары білімім бар, соңғы жылы жұмыс істеген жоқпын.

Ал, тәнін саудаға салатын жігіттердің көбейіп бара жатқаны қоғам белсендісі Қарлығаш Бекпатшаның қабырғасына қатты батуда. Ана ретінде мұндай “жетесіздікке” алаңдаулы. “Сананы тұрмыс билеген мына заманда, оны ауыздықтау да мүмкін емес”,- деп күйінеді ол.

“Ол біздің ғасырдың дерті, қоғамның дерті десек те болады. Сондықтан да бұған бәрміздің жанымыз күйеді. Бәрмізде сол компьютерде отырмыз ғой, жылтың етіп ана жерден, мына жерден шыға келген кезде…

Ең біріншіден, мен ана ретінде ойлаймын: шіркін-ай, осыны ұл таптым деп, анасы қалжа жейді-ау. Сол ана қандай күйде қазір, мына баласының мынадай қасіретті көрген кезде деп, өзім ана ретінде күйінем. Сондықтан, бұны қазақ айтады, ауруын жасырған өледі деп”, – дейді қоғам белсендісі Қарлығаш Бекпатша.

 

https://kaz.365info.kz/tygyp-aldy-zhas-khalyndykh-algashkhy-neke-tyninde-korgen-khorlygyn-ajtty-321670

Ал заңгер Айнұр Махметова, мұндай қызметтің түрін заңдастыру қажеттігін айтады. Тіпті, шетелде ол кәдімгідей бизнес болып тіркелген екен. Сондықтан да, ондай жігіттердің медициналық анықтамалары жіті тексерілу тиіс дейді ол.

“Тайланд, Голландия сияқты елдерде өте белең алған ол ер азаматтардың тәнін саудалауы. Ашықтан-ашық жүзеге асырылады. Сол елдердің тәжірибесін негізге алсақ, бұлар кәдімгідей жеке ИП болып тіркеледі, немесе ТОО ретінде, сөйтіп оны арнайы басшылары басқарып, міндетті түрде олар құжаттармен мекеме ретінде тіркеледі. Олар ай сайын мемлекетке салық төлейді, дәрігерлік тексерілуден өтеді”, – дейді заңгер Айнұр Махметова.

Мамандардың пайымынша, бір қарағанды ойлы көрінетін, еңселі жігіттердің осындай тірлік жасап жүргеніне тек қоғам емес, ата-ана да кінәлі. Сондықтан да ұл баланың тәрбиесіне бесіктен бастап көңіл бөлген жөн дейді.

 

 

https://kaz.365info.kz/olip-barady-zhas-zhigitpen-ajmalaskhan-zhanar-dygalova-zhelini-shulatty-foto-322024

Дерек көз:Stan.kz.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз