Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

«Орысты» несіне асыраймыз? Татарстан тәуелсіз мемлекет бола ма?

201

Рустам Миннихановтың осы мәлімдемесінен кейін Мәскеу мен Қазанның қарым-қатынасы қалай болуы мүмкін? Жалпы татар президентінің дәл бұлай батыл мәлімдеме жасауына не түрткі болды?

Орайлы сәт туған сияқты

Әзімбай Ғали

Саясаттанушы Әзімбай Ғалидың айтуынша, елдегі экономикалық дағдарыс Миннихановтың мінез көрсетуіне түрткі болып отыр.

– Қазір Ресейде экономикалық дағдарыс өте қатты болып жатыр. Соның салдарынан банктер құлдырап, ірі кәсіпорындар жабылуда, немесе жабылудың шақ алдында тұр. Ал тығырыққа тірелген банктерге Ұлттық банк тарапынан көмек берілмей жатыр. Бір қызығы, Татарстан донор-мемлекет болғаннан кейін өзге аймақтарға көмектесуге міндетті. Тап қазір өздері қиналып отырған сәтте Ресейден көмек сұраса орталық «ақша жоқ» деп отыр. Ал Шешенстанның президенті Рамазан Қадыров ақша сұраса, Кремль бірден оларға көмек береді. Осыны көріп-біліп отырған Минниханов саяси әрекет етіп жатыр, – дейді Әзімбай Ғали.

Рустам Миннихановтың бас көтеріп, батыл мәлімдеме жасауының астарында

татарлардың тәуелсіздік алу мәселесі тұрғаны жасырын емес. Өйткені бір кезде айбыны асқан татарлар азаттық алудың орайлы сәтін көптен бері күтіп жүр.

Ендеше бауырлас халықтың Ресейден Тәуелсіздік алып, өз алдына бөлек қашан мемлекет болады?

– Егер мұнайдың бағасы көтерілмесе, Ресейге одан сайын қиын болады. Оның үстіне, Америка кварц құмының астынан екі есе арзан мұнай алуды үйренді. Егер осы жұмыс сәтті жүзеге асатын болса, Америка мұнай сатып алушы емес, керісінше, сатушы елге айналады. Міне, сол кезде мұнай мен газдың бағасы күрт түсіп, соның салдарынан Ресей тығырыққа тіреледі.

Жалпы, орыс ұлтшыл, мықты мемлекет болғанымен, морт сынғыш халық.

Мәселен 1914 жылы Германиямен соғысқанда орыс халқы белсеніп майданға шықты. Алайда 1917 жылы халықтың өрекпіген көңілі су сепкендей басылды. 1990-1991 жылдары да осындай жағдай орын алды. Бір емес екі рет қайталанған тосын оқиға үшінші рет қайталануы әбден мүмкін.

Ал бұл мүмкіндікті татар халқы өз пайдасына шешіп, Тәуелсіздік алып кетуі әбден мүмкін,

– дейді саясаттанушы.

Иә, солай! Татар президенті мен халқы Ресейдің империялық саясатына қарсы шығып, өздерінің ұлттық мүдделерін батыл қорғап жатыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз