Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
15
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Орысша білмегеннің кесірінен қаншама жұмыстан қағылып жатыр

189

Жұмысқа тұрып, қолындарына ақша түссе, ауылдағылар алдымен үйін, қора-қопсығын жөндеп алады. Сондай бәсекелестік бар. Өмір сүруге, әдемі өмір сүруге құлшыныс пайда болып, бір-бірімен жарыса бастайды.

Ауылға жетпей тұрғаны осындай бәсекелестік екен.

Қалаға келген жастар да сөйтеді. Қалаға келісімен жұмысқа тұрып алса, бар ойы ақша табу болады да, ұрлық жасап ақша табу деген ой жайына қалады.

Былтырлары қалада Қызылорданың екі жігітімен таныстым. Алматыға жұмыс іздеп келіпті. Біреуі үйдің ішіне табиғаттың суретін салатын қылқалам шебері екен де, екіншісі соған көмекші болып жүрген жолдасы екен.

Бір кемшілігі – екеуі де орысша білмейтін болып шықты. «Соның кесірінен талай жұмыстан құр қалдық. Орысша білмесең, заказщиктер дұрыс сөйлеспейді екен» дейді.

Жұмыс жоқтықтан қазақ бір құрып жүрсе, орысша білмегеннің кесірінен қаншама жұмыстан тағы қағылып жатыр.

Қоғамда қазақтың мүддесі қорғалмаған. Қала толған қазақ жастарына жаны ашымайтын Божко мен Ерғалиева секілді орыстілділер. Ауылда жұмыс жоқ. Ауыл күннен күнге үндістердің резервациясы құсап тозып барады.

Қазақ сосын күн көру үшін қаланы жағалайды. Ал қаладағылар қайтадан ауылға қуып, оларды «резервацияда» оқшаулап ұстағысы келіп жатыр. Қаланы қазақыландырмаса болмайды. Қазақша сөйлемейтін мақаупестердің қазаққа жаны ашиды дегенге мен өлсем де сенбеймін!

 

Жолымбет Мәкіш

Фейсбуктегі парақшасынан

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз