Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Орынбасары парамен ұсталса министрде жауапқа тартылады

“Кез келген мемлекеттік қызметкер сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаса, оның басшысы, ол саяси болсын, әкімшілік қызметкер болсын жауапкершілікке тартылатын болады. Егер саяси қызметкер болса, отставкаға кетеді. Әкімшілік қызметкерлер жұмыстан босатылады”,дейді Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Бектенов.

Агенттіктегілер дайын құжатты Мәжіліске жіберген. Мұны депутаттар талқылауда. Заңдағы жаңа жаза министр, әкімдерден бөлек департамент, бөлім жетекшілеріне де қатысты. Ал бұған дейін вице-министр немесе облыс, қала басшыларының орынбасарлары парамен ұсталса, оған министр мен әкімдер жауап бермейтін.

Мәселен, қазір Энергетика министрінің қос орынбасары үйқамақта отыр. Бірақ министр жауапкершілікке тартылмайды дейді агенттіктегілер. Себебі, оның орынбасарлары заң жобасы дайын болмай тұрып ұсталған.

Естеріңізге салсақ, Бурабайдағы көлді тазартуға бөлінген бюджет қаржысын жымқырды» деген күдікпен Энергетика вице-министрлері Бақытжан Жақсалиев пен Ғани Сәдібековтің қолына кісен салынған еді. Қазір оларға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз