Ұлттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы комитеттің төрағасы Кирилл Кабанов Transparency International халықаралық ұйымының сыбайлас жемқорлықты қабылдау Ииндексінің артында саяси манипуляциялар жасырылған деп есептейді.
«Бұл сыбайлас жемқорлықты түсініксіз жолмен қабылдайтын сарапшылар бар. Бұл ретте, егер белгілі бір саяси оқиғаларға қарайтын болсақ, батыс әлеміне пайдалған жағдайда, сол немесе басқа елдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы белсенді күреске қарамастан, мемлекеттің рейтингі тез құлдырауы мүмкін, ал қажет болған жағдайда — өсіп кетеді.
Мұндай зерттеулерге сенуге болмайды
Орталық Азия мемлекеттеріндегі сыбайлас жемқорлық — бұл бөлек әңгіме. Көптеген батыс елдері ОА-да сыбайлас бизнесті әдейі жүргізеді. Бұл олардың бизнес-қарым-қатынас формасы», — деді Кабанов Sputnik Тәжікстанға.
Сарапшының пікірінше,
осы рейтингтің көмегімен ұйым өзіне қажетті саяси манипуляцияларды жүзеге асырады
Transparency International сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі үкіметтік емес халықаралық ұйым 1993 жылы құрылды және бүкіл әлем бойынша 100-ге жуық филиалы бар. Негізінен үкіметтердің дотациялары — атап айтқанда АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Еурокомиссия, сондай-ақ жеке қорлардың қаражаты есебінен қаржыландырылады. Олардың ішінде халықаралық даму агенттігі (USAID), демократия үшін Ұлттық қор (NED) және Сорос қоры бар.