Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
11
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

“Оралман” фильмі Иранның “Фаджр” фестивалінде жүлде алды

“Оралман” фильмінде Ауғанстаннан Қазақстанға келген оралман отбасының тағдыры мен оралманның психологиясы, жергілікті халықтың оралмандарға деген көзқарасы көтерілген.

Фильм режиссері Сәбит Құрманбек былтыр Алматыда фильмді журналистерге жабық көрсеткеннен кейін оралмандар жайлы фильм түсіруге оған Азаттық сайтындағы Ауғанстанда ата-анасы совет билігінен қашқан этникалық қазақ – “Уәли командир” туралы мақала түрткі болғанын айтқан. “Командир Уәлидің” отбасы жарты ғасырдан соң тарихи отанына оралған.

Фильмде бас кейіпкер – Сапарқұлдың рөлін актер Дулыға Ақмолда сомдаған. Фильмде Ержан Түсіпов, Есім Сегізбаев, Шынар Асқарова сияқты актерлер ойнаған.

Фильм Тегеранда 24 сәуірде көрсетілген.

“Қазақфильмнің” баспасөз хатшысы фильм әлі бірнеше халықаралық фестивальге қатыстырылған соң ғана прокатқа шығатынын айтады.

“Фаджр” кино фестивалі Тегеранда 21-28 сәуір аралығында өтіп жатыр.

Бұған дейінгі жылдары “Фаджр” фестиваліне қазақстандық режиссерлар Серік Апрымовтың “Соңғы аялдама”, Ардақ Әмірқұловтың “Қош бол, Гүлсары” (Арнайы жүлде, 2010 ж.), Дәрежан Өмірбаевтың “Студент”, Ақан Сатаевтың “Жаужүрек Мың Бала” (жүлде, 2013 ж.), Әмір Байғазиннің “Асланның сабақтары” (Арнайы жүлде, 2014 ж.), Ермек Тұрсыновтың “Шал” фильмдері қатысқан.

Дереккөз: azattyq.org

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз