Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Оралдық мұғалімнің туберкулездің ашық түріне шалдыққаны белгілі болды

Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

“Мектептің барлық қызметкерлері жазда профилактикалық тексерістен түгелдей өтті. Барлығына да жұмыс істеуге рұқсат етілген. Қазіргі кезде мектепке түгелдей тазалық жұмыстары жүргізілді, дезинфекция жасалды”, деді мектеп директоры.

Оқу процесіне де кедергі келіп жатқан жоқ. Шынымен де, Кох таяқшасын жұқтырып алған оқытушы өзгелермен бірге жазда медициналық тексерістен өткен екен. Ол кезде дәрігерлер оның денсаулығынан ешқандай кінәрат таппаған. Ұстаз тек бірінші тоқсанның аяғында кенеттен өзін жайсыз сезініп, 2-ші қараша күні еңбекке жарамсыздық парағын ашыпты.

Содан бері мектепте төбе көрсетпеген ұстаз, қазір тиісті ем-домын алып жатыр. Ал, мамандар, қауіпті таяқшаның кез-келген адам ағзасында болатындығын, тек әлсіреп, созылмалы аурулар асқынғанда бас көтеретіндігін айтып отыр.

“Мұғалімнің эпидемиологиялық жағдайына тексеріс жүргізілгенде оның үй жағдайы қанағаттанарлық  жағдайда. 2011 жылды  ол пневмониямен ауырып, может соның емі дұрыс жүргізілмегендіктен болар”, деді БҚО қоғамдық денсаулықты сақтау департаментінің бас маманы.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз