Оралда зейнеткер алданып, қолындағы тірнектеп жинаған 23 мың долларын алаяққа бере салған.
Тұрғын үй қорынан кезектен тыс пәтер алғысы келіп, алданып қалған бұл бірінші оралдық емес деп жазады “Мой ГОРОД” басылымы.
Батыс Қазақстан облысы ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Орал қалалық тергеу шұғыл тобы 81 жастағы зейнеткер әжейдің сеніміне кіріп, оның ірі сомадағы ақшасын қолды қылған ер азамат ұсталды.
– Тергеу кезінде күдікті істеген қылмысын мойындады. Оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы, 4-тармағы, яғни “Алақтық” бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.