Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Оралда «Руxани жаңғыру» атты музей ашылады

Батыс Қазақстан облысында Қасиетті Қазақстан картасына алты нысан кірген. Алғашында екі ескерткіш қана болса, жақында ғана қосымша төрт нысан қосылды: Тақсай қорған кешені, (б.з.д VI-V ғ.) Жұмағазы хазірет (ХІХ ғ), Ғұмар Қараш зираты және Жымпитыдағы Алашорда музейі.

«Біздің арxеологтар ортағасырлық «Жайық» қалашығын қазба жұмыстары кезінде тапқан болатын. Тариxшыларымыздың айтуы бойынша 13-14 ғасырда индустриясы дамыған үлкен қала болған. Сондықтан да келер ұрпаққа осы тариxи, мәдени байлығымызды сақтап қалу, көрсету мақсатында мәдениет министрлігімен бірлесе жұмыс істеп жатырмыз. Ашық аспан астында музейді ұйымдастыру жоспарда бар. Біз мұны бастап кеттік. Тағы бір нысан ол Жәңгір Хан кесенесі. Орал қаласынан алты шақырым жерде орналасқан Бөкей Ордасы ауданында көптеген мәдени ескерткіштер бар»,- деді Алтай Көлгінов.

«Туған жер» бағдарламасы аясында кәсіпкерлер өзінің туған жерлеріне тағзым ретінде 31 нысанды іске қосқан. Облыс әкімі спорт нысандары, абаттандыру жұмыстары, әлеуметтік нысандар, музей немесе ауылдық жерлерде амбулатория ашу xалық тарапынан да үлкен қолдау тауып отырғанын жеткізді.

«Облыс орталығында жыл соңына дейін «Рухани жаңғыру» атты музей ашуды жоспарлап отырмыз. Ол жерде өңіріміздегі Қасиетті Қазақстан тізіміне енген тарихи орындардың көшірмелері, латын тілінде шыққан баспасөз, алаштың 100 жылдығы қарсаңында мұралары және келер ұрпаққа тәуелсіз Қазақстанның жеткен жетістіктерін көрсететін орын болады»,- деді ол.

Батыс Қазақстан облысында «Рухани жаңғыру» бойынша 20 жоба және 113 кіші жоба жүзеге асырылмақ.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз