Оралда бес қабатты жатақхана өртеніп, 35 адам қауіпсіз жерге шығарылды, деп хабарлайды “Мой ГОРОД”.
Жатақхана тұрғынының сөзіне сүйенсек, өрт төртінші қабаттағы бөлмеден шыққан. Бөлмеде маскүнем ер адам тұрады екен.
БҚО Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті баспасөз қызметі хабарлағандай, жатақхананың өртенгені туралы хабар 20.16-да түскен.
“Оқиға орнына өрт сөндірушілер жөнелтілді. Олар барғанда төртінші қабатта бөлме лаулап жанып жатқан, — деп хабарлады БҚО ТЖД баспасөз қызметі басылымға. – 21:00-де өрт ауыздықталып, 22:09-да сөндірілді”.