Полицейлер Оралдағы №40 орта мектепте газ баллонын ашқан оқушының кім екенін анықтады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz Батыс Қазақстан облысы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Құқық қорғау органы өкілдерінің мәліметінше, баллонды ашқан қыз осы мектептің оқушысы. Оның неге мұндай әрекетке барғаны белгісіз.
“Оралда №40 орта мектепте белгісіз нәрседен уланған оқушыларға қатысты тексеріс жүргізілді. Нәтижесінде осы мектептің оқушысы бұрышталған баллонды сепкені анықталды. Бұл іске қатысты ҚР ҚК 293-бабы 1 бөлігіне (Бұзақылық) сәйкес соталды тергеу жүріп жатыр”, – деп хабарлады ведомство өкілдері.