Нұр-Сұлтан
Қазір
-1
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Оралда көлік ұрлаған баланың ата-анасы көлік иелеріне қомақты ақша төлейді

Үшінші рет балақай Hyundai көлігін айдап әкетіп, бетон блоктарға соғылып қалды. Бұл темір тұлпардың иесіне бір миллион теңге төленуі тиіс.

“Бала кілтін көліктің ішіне тастап кеткен жүргізушілердің салғырттығын пайдаланған. Коля жап-жақсы бала, мектепте оқиды, толыққанды отбасыдан шыққан. Әкесі – 30 жылдық тәжірибесі бар шопыр. Тұрмыстық жағдайлары да жаман емес. Компьютері, планшеті, оқу үстелі бар”, — деп мәлімет берді Орал қаласы ІІД ЖПҚ басшысы Мүслім Жәрдемов.

Әкесінің айтуынша, балақай көліктерге қатысты компьютерлік ойындарға әуес көрінеді.

“Планшетте үнемі автобус, жүк көліктері бар ойындарды ойнап отырады. Автокөліктердің бүкіл маркасын біледі. Кез келген жерге тұраққа қоя алады. Автобус жүргізуші болған кезімде, қасымда бәрін бақылап отыратын. Бәлкім, көліктерге деген ықыласы қанмен берілген шығар. Бұрын мұндайы жоқ еді. Екі аптада адам танығысыз өзгеріп кетті”, — дейді ер адам.

Көлік ұрлау деректері бойынша ҚР ҚК 140-бабы “Кәмелеттік жасқа толмаған балаларға дұрыс тәрбие бермеу” бойынша қылмыстық істер қозғалды. Істі кәмелеттік жасқа толмағандардың істері бойынша комиссия мектеп директоры және психологтармен бірге қарайды.

Баланың бұдан бұрын үйінен қашып кеткені анықталды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз