Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Оралда бір келіншек өз баласын пышақтап, өлтірмек болды

12-ақпанда 4 жасар бала пышақ жарақатымен Оралдағы облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Бұл туралы облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері балалар жарақатын алдын алу бойынша өткен брифинг барысында айтты.

“Баланың анасы – 30 жаста. Ол психикалық тұрғыдан науқас секілді. Пышақталған баланы өзі алып келді, біз бірден полицейлер мен қамқоршылық органдардан адамдарды шақырдық. Ол содан кейін баласы жатқан палатада бірде-бір рет болған жоқ”, – деді облыстық балалар ауруханасының штаттан тыс бас дәрігері Александр Гехман.

Дәрігердің айтуынша, бала орта деңгейдегі жарақат алған, жүрегіне зақым тимеген. Қазіргі уақытта бала ауруханадан шығарылды, жағдайы қанағаттанарлық.

“Қазір бала кәмелетке толмағандарға арналған бейімдеу орталығында. Оны балалар үйіне жіберу мәселесі шешіліп жатыр”, – деді хирург.

Басылымның мәліметінше, келіншек дәрігерлерге баланы өлтіргісі келгендіктен пышақтамақ болғанын айтқан.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз