Корея Республикасындағы президент сайлауында «Тобуро» демократиялық партиясы атынан сайлауға түскен кандидат Мун Чжэ Ин жеңіске жетті. Бұған Ұлттық сайлау комиссиясының мәліметтері дәлел болып отыр, деп хабарлайды ТАСС.
«Мун Чжэ Ин сайлаушылардың 41,1 пайыз дауысын жинады. Осылайша ол Корея Республикасының жаңа президенті болып отыр. Оған 13,4 млн адам дауыс берді»,-деп хабарлайды осы елдің сайлау комиссиясы.
Наурыз айында Конституциялық сот 2016 жылдың желтоқсанында Корея Республикасының бұрынғы президенті Пак Кын Хеге жарияланған импичментті растап, оны биліктен аластатты. Осыған байланысты Мемлекет басшысының сайлауы белгіленген мерзімнен 7 ай бұрын өткізіліп отыр. Жаңа сайланған президентке барлық өкілеттіктер өтпелі кезеңсіз-ақ бірден беріледі.
Дереккөз: Қазақпарат