Базель бейбітшілік кеңесі Бейбітшілік ғылыми-зерттеу институтының директоры Алин Варе Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен «АТОМ» жобасының құрметті елшісі, суретші Кәріпбек Күйіковті Нобель сыйлығына ұсынды.
Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды. Бұл жайында антиядролық қозғалыс белсендісі өзінің Фейсбуктегі парақшасында жазды.
Өтінімде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан көшбасшысы ретінде 22 жыл бойы ядролық қарусыздану саласында бірқатар маңызды бастамалар қабылдағандығы айтылған. Президент ядролық қарудан азат әлемге қол жеткізу процесіне ықпал ететін бірқатар бастаманы қабылдауды жалғастырып келеді.
Ал Кәріпбек Күйіков жетекшілік ететін «АТОМ» жобасы әлемді ядролық қарудан азат етуге бағытталған. Алин Варе «Парламентшілер ядролық қаруды таратпау және қарусыздану үшін» халықаралық форумының жаһандық үйлестіруішісі. Өтінімнің ағылшын тіліндегі түпнұсқасымен мына жерден танысуға болады.