Нұр-Сұлтан
Қазір
6
Ертең
13
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Ол кісіге ренжімеймін, бірақ…”. Бибігүл Төлегенованың ащы сынына Қайрат Нұртастың анасы жауап берді

199

Stan.kz тілшісіне берген сұхбатында Гүлзира Үсенқызы Қайратты жерден алып, жерге салған сайын жүрегі тілінетінін айтты.

Қайраттың анасы ұлының музыкалық білімі туралы да егжей-тегжей сөз қозғады.

«Қайрат 16 жасында Жүсіпбек Елебеков атындағы эстрада және цирк колледжіне оқуға түсті. Қазақстанның xалық әртісі Лаки Кесоглудың шәкірті болып, 4 жыл сол кісінің сыныбында білім алды, 17 жасында “Арман” әні xит болып, бүкіл Қазақстанға танылды.

Қайрат бала кезінен саxнаға шығып, саxнаның киелілігін түсінген адам. Әрине республикалық конкурстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болған. «Бозторғай» байқауында – 1-орын, «Әнші балапанда» – 3-орын, «Әнші болғым келеді» – 2-орын, халықаралык «Шабыт» фестивалінің лауреаты, «Алматы әуені» әншілер байқауында – 1-орын, республикалык Абай окуларында – 1-орын, «Жас дарын» әншілер байқауында – 1-орын, «Саз әлемі» теле-жобалык байкауында бас жүлдені иеленді. Ресейлік «МузТв» арнасының «Ең үздік қазақстандық әнші» аталымын жеңіп алды», – деп атап өтті Қайраттың анасы.

https://kaz.365info.kz/khajrat-nyrtasty-anshi-dep-eseptemejmin-bibigyl-tolegenova-elimizde-dimashtaj-anshi-bireu-ekenin-ajtty-264360

 

Гүлзира Айдарбекова Қайрат пен Димаштың аға-іні ретінде жақсы араласатынын тілге тиек етті.

«Қайрат Димашты інісі ретінде жақсы көреді, сыйлайды. Әрине, араласады», – деді ол.

Бұдан кейін Гүлзира Үсенқызы Бибігүл Төлегенованың сынына жауап берді.

“Ал Бибігүл апамыздың сыны қаншалықты орынды-орынсыз екенін xалық айтады. Әр адамның өз ойы, пікірі бар.

Қайрат үшін өзінің сүйікті апайы, қазақтың бұлбұлы Бибігүл Төлегенованын екі қазақтың балаларын біреуін “көкке”, екіншісін “жерге” теңегені әрине, оңай тиді деп ойламаймын. Бірақ Құдайдың жаратқан жерінен нәр алып, жер басып өмір сүріп жүрміз, деміміз таусылғанда да жерге тапсырыламыз, сондықтан “жерге” теңегеніне аса бір қатты ренжіп отырған жоқпын.

Жалпы салыстырғанда тұрған ештеңе жоқ. Бәсеке барлық жерде болады. Айналып келгенде саралап алатын xалық! Көтеретін де xалық, өшіретін де xалық! Бауыр етің балаңды жерден алып, жерге салып жатса кез-келген ананың жүрегін пышақпен тілгенмен бірдей. Мен әрдайым сабырға келіп, балаларымның амандығын, абыройлы болғанын Алладан сұрап отырамын», – деп түйіндеді сөзін Қайраттың анасы әрі продюсері.

Еске сала кетейік, Бибігүл Төлегенова Қайрат пен Димашты салыстыруға келмейтінін айтып, Қайратты – жерге, ал Димашты көкке теңеген еді.

 

https://kaz.365info.kz/khalyp-ketti-degen-zhakhsy-soz-be-khajrat-nyrtas-ozin-dimashpen-salystyratyndarga-zhauap-berdi-264082

 

Сол секілді танымал продюсер Бағым Мұхитденова Қайрат Нұртас пен Димаш Құдайбергенов туралы ойын айтты. Мұхитденова екі әншінің орны екі бөлек екенін тілге тиек етіп, Гүлзира Айдарбекованың пікіріне қосылды.

«Бізде мыңдаған Қайрат Нұртас жоқ, мыңдаған Димаш Құдайбергенов те жоқ. Біз онсыз да азбыз. Андреа Бочелли мен Майкл Джексонды салыстыру мүмкін емес. Ол екеуі екі жанрдың адамы.

Қайрат пен Димаш көп еңбектенді, талай шалынысты, бүгінде екеуі де үлкен жетістіктерге жетті. Оның бәрін ел салыстырсын немесе жанжал шығарсын деп емес, тыңдармандарын қуанту үшін істеді. Жақында ғана Қайраттың продюсері сұхбат беріп, Қайраттың Димаш, ал Димаштың Қайрат бола алмайтынын түсінікті түрде жеткізді. Мұның несі түсініксіз? Ол екеуі мүлдем екі түрлі», – дейді Бағым Мұхитденова.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз