Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

«Ол былай болған». Тоқмәди Тәтiшевтi қалай өлтiргенiн көрсеттi (видео)

Бейнетүсiрiлiм Ержан Тәтiшевтiң өлiмiн тергеу барысында түсiрiлген. Онда Мұратхан Тоқмәди оқиға болған күндегi, яғни аңға шыққандағы сәттi баяндайды.

«Бiз көлiкпен сағатына, шамамен, 60 шақырым жылдамдықпен келе жаттық… Ержан маған “қаруды берiп жiбер” дедi. (Тәтiшев рөлде отырған – авт.) Мен Козликинге (көлiктiң алдында отырған Сергей Козликин – Тәтiшевтiң оққағары – авт.) қаруды бердiм. Ол қорапта жатқан оқпен қаруды оқтап, далаға атпақшы болды.

Сонда Ержан қаруды өзiне алып, Козликинге «сен бе аңға келген?» деп, сол жағынан көздеп, бiр рет далаға оқ атты.

Одан кейiн, Ержан маған қаруды бере бастады. Ал, мен оны осылай аттым», – деген Тоқмәди видеода Тәтiшевтi қалай өлтiргенiн көрсеттi.

https://kaz.365info.kz/mymkin-emes-akhsh-tan-kelgen-sarapshy-tokhmadidin-otirigin-ashkereledi-304338

Бейнекөрiнiстен байқағанымыздай, Ержан Тәтiшев көлiктiң арт жағында отырған Мұратхан Тоқмәдиге қаруды өзiне қаратып ұсынған.

Ал Тоқмәди сол кезде Тәтiшевтi желке тұсынан басына қарай атып жiберген.

Естеріңізге салсақ, бұған дейiн Мұратхан Тоқмәди мен Ержан Тәтiшевтiң оққағары – Сергей Козликиннен көлiктегi оқиға жайында жауап алынған болатын.

https://kaz.365info.kz/sol-kezde-atyp-zhiberdim-atyshuly-myrathan-tokhmadi-13-zhyl-zhasyrgan-khypiyany-zhariya-etti-301859

Таразда Тұран Әлем Банкiнiң бұрынғы төрағасы Ержан Тәтiшевтi өлтiрдi деп айыпталып отырған бизнесмен Мұратхан Тоқмәди iсiне қатысты сот процесi өтiп жатыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз