Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
4
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Ол бірінші бастады”. Алматыда кісі өлтіріп, денесін бөлшектегендер кінәсін мойындады (видео)

Күдіктілерге ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігі (“Адам өлтіру”) бойынша айып тағылған, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Сотқа дейінгі тергеудің мәліметінше, 6-қыркүйекте айыпталушылар мен қаза тапқан жігіт бірлесіп Абылайхан даңғылындағы 28-ші үйдің 39-шы пәтерін жалдаған. Бірнеше уақыт өткеннен кейін олардың арасында жанжал шыққан. Сөйтсек, Азамат Қабденов, Таир Абельдинов және Роман Ситак арасындағы жанжал Play station 4 приставкасы үшін болған. Сол оқиғаға дейін айыпталушылардың бірі Ситактан приставканы жалға алып, қайтармаған. Ол қаза тапқан жігітке шамамен 80 мың теңге қарыз болған. Біраз уақыттан соң айыпталушылар Ситактың танысына басқа біреулерден ұрланған приставка мен Macbook сатып, 190 мың теңге алмақшы болған.

Сотқа дейінгі тергеу қорытындысын мемлекеттік айыптаушы оқыды.

“Қабденов пен Абельдинов бір жақ Ситак бір жақ болып жанжалдасқан, бірін-бірі балағаттауға дейін барған. Айыптаушылар Ситакты өлтіруді ойластырады. Осыдан кейін Қабденов пен Абельдинов келісе отырып, адам өлтіруді ойластырады. Қабденов оң аяғымен Ситактың сол тізесінен соққы жасайды. Соққыдан Ситак құлап түседі, осы кезде қарсылық көрсетуіне қарамастан, Абельдинов бірнеше рет Ситактың ішінен тебеді. Екінші айыпталушы – Қабденов оң қолына асхана пышағын алып, Ситактың кеудесінен ұрған”, – деді прокурор. Пышақ жарақатынан Ситак оқиға орнында қаза тапқан.

Қаскөйлер осыдан кейін Ситактың өлі денесінен құтылмақшы болып, денесін бөлшектеп, қоқыс жәшігіне лақтыруды ойластырады. Олар Ситактың телефонын, 30 мың теңгесін, алтын сақинасын, күміс алқасын және құжаттарын алып алады. Осыдан кейін олар қалада такси жалдап, кетіп қалған. Бірнеше күн өткеннен кейін, олар Қызылорда облысында ұсталған.

Айта кетейік, кісі өлтіргендерін біреуі – Алматыдағы беделді университеттің студенті екнін Азамат Қабденов мойындаған.

Оның айтуынша, ойластырылмаған оқиға жанжал шығып, соңы қайғылы аяқталған. Оның айтуынша, Ситак бірінші болып қолына пышақ алған. Екінші айыпталушы қылмыстың іздерін жасыру үшін мәйітті бөлшектегенін мойындады.

https://www.youtube.com/watch?v=q5mvfB3qUn8

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз