Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
11
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Окорочка алыңыздар!”. Әблязовтің қалай байығанын білесіз бе?

200

Сонда қалай,

Қазақстанның Бас прокуратурасы қаншама жыл ізінен аңдыған Әбіләзовты оңай жібере сала ма?

Жоқ, жібермейміз дейді. Қыр соңынан қалмаймыз дейді. Әбіләзовтің босауына қатысты мәлімдеме жасаған Бас прокуратураның сөзінен осыны аңғардық. 

Әбіләзов не үшін айыпталды? 

Қазақстандық құқық қорғау органдары Әбіләзовты мүлікті жымқыру және талан-таражға салу, қылмыстық жолмен алынған табыстарды заңдастыру, банк қаражаттарын заңсыз пайдалану, өкілеттіктерді теріс пайдалану, ұйымдасқан қылмыстық топты құрып, оны басқарғаны үшін айыптап отыр.

Ол қанша қаржыны қалтасына басқан?

Бас прокуратураның мәліметінше, Әбіләзов пен оның сыбайластары 7,5 миллиард доллардан астам қаржыны жымқырған. Теңге емес, доллар, миллион емес, миллиард. 

Әбіләзовты айыптау жөніндегі қылмыстық іс 160-тан аса эпизодтан тұрады және ұлттық тергеу практикасындағы ең күрделі экономикалық істердің бірі болып табылады.

Бұл істің әрбір эпизоды жүздеген миллиард теңгені жымқыру немесе жылыстату туралы мәліметтерден тұрады. Солай. 

Мұхтар, несиені қайтар!

Әбіләзовтың басқаруымен БТА Банк онымен аффилирленген «Грантон» фирмасына 1,2 млрд. доллардан астам несие берген. Бұл несие бойынша, әлемде атымен жоқ бұрғылау қондырғыларының түрі кепілге қойылған. Кепіл бойынша, барлық құжаттар қолдан жасалған. Несие әлі күнге дейін қайтарылмаған және оны, іс жүзінде, Әбіләзов және оның сыбайластары жеке қажеттіліктеріне жаратқан.

Тауық еті қайдан жүр? 

Әбіләзовқа қарасты басқа компания – «Дэниелстрейдкорп» 52 млн. доллар мөлшерінде несие алған. Кепіл ретінде 50 мың тонна тауық еті қойылған. Бұл мыңнан астам теміржол вагондары. Мұндай кепіл іс жүзінде ешқашан болмаған, құжаттары жалған. Несие қайтарылмаған, ал ақша оффшордағы есепшоттарға аударылған.

Барлық жымқырылған ақша, депозиттерді қоса алғанда, банк клиенттері болып табылатын жеке және заңды тұлғалардың немесе БТА-ның шетелдік қаржы институттарынан алған қарыз ақшалары.

Асановтың ұстанымы қандай? 

Сонымен, Бас прокурор былай дейді: 

“Қылмыстық іс бойынша тергеу әлі аяқталған жоқ, себебі Әбіләзов пен оның кейбір сыбайластары жасырынып жүр.
Қылмыстық іс жүргізу заңының талаптарына сәйкес құқық қорғау органдары айыпталушыға қатысты қылмыстық қудалауды оны сотқа бергенше жалғастыруы тиіс.

Сондықтан Бас прокуратура айыпталушыларды ұстауға, тергеуді аяқтауға, істің сотта әділ қаралуын қамтамасыз етуге және келтірілген залалдың орнын толтыруға бағытталған заңмен көзделген барлық шараларды қабылдайды”.

Мұхтарды құрықтауға Қазақстан ғана мүдделі емес 

Көптеген қылмыстары үшін Әбіләзов пен оның сыбайластары тек Қазақстанда және Ресей Федерациясында ғана емес, сондай-ақ бірқатар еуропалық мемлекеттермен, соның ішінде, Украина және Швейцария тарапынан қудалануда, ал Ұлыбританияда ол 22 айға бас бостандығынан айырылған.

 

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз