Нұр-Сұлтан
Қазір
-13
Ертең
-6
USD
516
+0.32
EUR
536
-0.13
RUB
5.18
0.00

Оқушыға дейін сектант. Сағадиев қоғамға “жарамсыз” буын тәрбиелеп жатқанын біле ме?

Ал алдында Ақтөбеде Ресей аумағында лаңкестік акт ұйымдастырмақ болған қылмыстық топ арасынан да жасөспірім бала табылды. Оған да 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. Демек, Қазақстанда он екіде  бір гүлі ашылмаған балалар жаттың идеологиясының құрбанына айналуда. Қазақ мұндайда жетіскен екенбіз дейді. Бірақ бұл мәселеге, өкінішке қарай, ешкім бас ауыртып жатқан жоқ.

Мәселен, Білім министрлігін алайық. Олар бұл ретте шалт қимылдаудан қорқады, нақтысында, жауапкершілік алғысы келмейтін секілді. Ата-ана мен ұстаздардан көптеп шағым түскен соң өткен жылдың соңында ғана министрлік мектепте орамал тағуға қатысты ресми көзқарасын ашып айтты. Иә, олардың шамасы осыған ғана жеткендей. Есесіне, қазір мектепте күнде жиын.

Талқылайтын қорқынышты „бабайлары„ – „Синий кит„ . Әрине, ол да қауіпті нәрсе шығар, бірақ жат идеология қаупі одан он есе асып түспей ме, өзі?

Колледж, университетте студенттерінің жеке таңдауы мен шаруасынан шатағы жоқ. Біз білім берсек болғаны дейді. Ал жаңадан құрылған Дін істері министрлігінің осы күнге дейін мектепке қатысты бір позициясын білдіргенін аңғармаппыз. Мектеп дейміз-ау, олар, әзірге өз ішін, яғни Қазақстанның бетке ұстар діндар әлеуетін жат пиғылдылардан „тазалап„ әлі үлгермей жатқан секілді.

Ойбай-ау, сонда ше? Үкіметтің, құзырлы органдардың осындай бейқамдығы мен белсенді іс-қимылының жоқтығынан мектеп жасындағы балалардың санасы уланып, тіпті сол үшін жазасын алып, яғни он екіде бір гүлі ашылмаған күйі біздің зайырлы қоғамға жарамсыз етіп қоқысқа лақтырылғандай тастала бере ме?

Ол үшін біреудің кінәлі сезініп жүргенін көргеніміз жоқ. Бұл – қалыпты жайт сынды. Бұл – сол баланың, сол отбасының жеке мәселесі секілді ғана. Шындығы басқалай ғой.

Шындығында кінәлілер – осы жайтты басып-ашып көрсетіп, құзырлы органдардың жауапсыздығын көзіне шұқып көрсетпеген бұқаралық ақпарат құралдары, жат идеологияны ауыздықтай алмай, соның мектеп жасындағы балаға жетуіне жол беріп қойған жауапты құзырлы органдар, идеологиялық саясатты ақсатқан аппараттағылар және т.б.

Рас, терроризм дегенді бұрын теледидар арқылы естіп, үркіп отыратын қазақ халқын бұл індет тез жаулап алды. Алматыда, Жамбылда, Ақтөбеде террористер бой көрсетті. Қазақтың ұлдары бейбіт күнде қолына қару алып, бомба „жасағыш„ болып шыға келді. Неге? Мәселе шешімі тұр ғой, осы сауалдың өзіне бізде әлі тыңғылықты жауап жоқ. Бірақ қоғамға дендеп енген бұл дерт тамырын тереңге жайып, енді жасөсіпірімдердің миын улауда.

Соңғы жайтты мысал етелік. Оңтүстік Қазақстан облысында Қазғұрт ауданының 16 жасар жеткіншегі тыйым салынған материалдарды ұялы телефоны арқылы “ВКонтакте” әлеуметтік желісінде таныстары мен достарына таратқан. Сот өңірде терроризмге үгіттейтін материалдар таратқаны үшін тағы бір жасөспірім қыз 5 жылға бас бостандығынан айырылғанын алға тартты. Демек, үгіт-насихат мектеп қабырғасында да жүріп жатыр ғой. Мүмкін жасөсіпірім мектепте оқымаса да ол өз сыныптастарымен әлеуметтік желіде байланыс ұстайды ғой. Ал мектепте бұған қатысты қандай да бір шара қолданылды дегенді естімеппіз. Оған қарағанда „Синий кит„ ойынымен күрес әлдеқайда күшті жүріп жатыр…

Біз бірден белден басып, мектепте жүрген оқушының басындағы ормалын жұлып алып, намаз оқыма деп дікіңдесін деп жатқанымыз жоқ.

Біздің шолақ белсенділерден бұл да шығады, негізі. Өйтсе олар мектепті тастап кетеді. Бұл мәселе шешімі емес. Дегенмен бұл жолдан өткен басқа елдердің, халықаралық тәжірибелері бар ғой. Осыны сарапшылар сараптап, министрліктер талқылап, халықпен ақылдасып, бір реттеп қойса жақсы болар еді…

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз