Нұр-Сұлтан
Қазір
-25
Ертең
-10
USD
511
-4.57
EUR
540
-4.99
RUB
5.15
-0.02

ОҚО Денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы үй қамауына алынды

Жұмағали Исмаиловты үй қамауына алу туралы сот шешімі 17-сәуірде шығарылып, оның мерзімі 8-маусымға дейін белгіленді.

Осыған дейін әл-Фараби аудандық соты Исмаиловты қамауға алу туралы шешім шығарған, дегенмен, ол күшіне енбеді.

Сот мәліметі бойынша, Исмаиловқа ҚР ҚК-нің 253-бабының 6-тарауы “Коммерциялық пара беру” және 262-бабының 3-тарауы “Қылмыстық топ (қылмыстық ұйым) құру және оны басқару, сол сияқты оған қатысу” бойынша айып тағылды.

Еске сала кетелік, 2012 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы ауруханаларының 28 бас дәрігері Жұмағали Исмаиловтың орнынан кетуін талап еткен. Дәрігерлер Исмаилов дөрекі және тендер кезінде белгілі бір фирмалардың мүддесін жақтайды деп айыптаған болатын. Арнайы комиссия тексерісінің қорытындысы бойынша Исмайлов облыс әкімі Асқар Мырзахметовтен қатаң сөгіс естіген еді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз