Нұр-Сұлтан
Қазір
14
Ертең
11
USD
448
-3.11
EUR
517
-5.93
RUB
5.3
-0.03

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірибесі 193 ауыл мектебіне енгізілді

Жоба аясындағы жұмыс тек педагогтерге курс өткізу немесе дайын әдістемелер ұсынумен шектелмейді. Алдымен мектептерге диагностика жасалып, кейін педагогтер оқытылады және оларға әдістемелік қолдау көрсетіледі. Соңында жүргізілген жұмыстың нақты нәтижелері бағаланады.

«Соның нәтижесінде тірек мектептердегі білім сапасы 12%-ға артты. Олардың 11-і Қазақстанның үздік 100 мектебінің қатарына енді. Ауыл мектептерінің 263 оқушысы республикалық және халықаралық олимпиадалар мен конкурстардың жүлдегері атанса, 82 бала NIS-ке конкурстық іріктеуден сәтті өтті», – деді басқарма төрағасы.

Маңғыстау облысында жүзеге асырылған «Отпан» жобасы 45 мектепті, 56 мыңнан астам оқушы мен 5 мың педагогті қамтыған. PISA-2025 қорытындысы бойынша өңірдің нәтижесі 2018 жылмен салыстырғанда жаратылыстану-ғылыми сауаттылықтан 41,3 балға, оқу сауаттылығынан 8,4 балға өскен.

Ал Солтүстік Қазақстан облысындағы жоба 52 мектепті, 1200-ден астам педагог пен 5 мың оқушыны қамтыды. Жаратылыстану пәндері бойынша білім сапасының өсімі 6,55%-ға жетті. PISA-2025 нәтижесінде өңір жаратылыстану-ғылыми сауаттылық бойынша Қазақстандағы ең жоғары көрсеткішті көрсетті.

NIS тәжірибесін таратудағы тағы бір маңызды бағыт – басқарушы кадрларды даярлау. Мемлекет басшысының тапсырмасымен іске асырылған «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» жобасы аясында 2063 педагог NIS стандарттары бойынша білім алды. Олардың 986-сы республикалық кадр резервіне енгізілді. Қазір резервтегі 603 маман басшылық қызметке тағайындалған, оның 366-сы ауыл мектептерінде жұмыс істейді.

Әнуар Жанғозин бұл нәтижелерді тек NIS жетістігі деп бағалауға болмайтынын атап өтті. Оның айтуынша, өзгерістерге Оқу-ағарту министрлігі, өңірлер, серіктестер, мектеп басшылары мен педагогтер бірлесіп үлес қосып отыр.

«NIS – өзімен-өзі шектелген жүйе емес. Оның елге беретін пайдасы Зияткерлік мектептер оқушыларының жетістіктерімен ғана емес, ортақ жұмысымыздың арқасында қанша қалалық және ауылдық мектептің күшейгенімен де өлшенеді», – деді ол.

Басқарма төрағасы NIS тәжірибесін одан әрі тарату жөніндегі Оқу-ағарту министрлігінің ұстанымын қолдайтынын айтып, жалпы білім беретін мектептермен, соның ішінде «Келешек мектептерімен» ынтымақтастықты кеңейту жалғасатынын жеткізді.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2026 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз