Қазақстанда екі жылда 54 жаңа кен орны ашылды. Қазақстанда 2024-2025 жылдары 54 жаңа кен орны мемлекеттік есепке қойылды.
«Геологиялық барлау жұмыстары алтын, күміс, мыс, хром, темір және фосфорит кендері ресурстарының, сондай-ақ жер асты сулары қорларының өсуін қамтамасыз етті. Жалпы, мемлекеттік есепте пайдалы қазбалардың әртүрлі түрлеріне жататын 10 мыңға жуық кен орны бар», – деп жазылған хабарламада.
Ал сирек кездесетін жер металдарының 935,4 мың тонна болжамды ресурсы анықталды.
«Әзірше зерттеулер 11 учаскеде аяқталды. Ең перспективалы учаскелердің бірі – Қарағанды облысындағы Құйректыкөл», – дейді Үкіметте.
Мұнда заманауи жоғары технологиялық өндірістерде сұранысқа ие сирек жер металдары анықталды.