Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
2
USD
463
-2.46
EUR
537
-5.27
RUB
5.34
-0.07

Ақтауда SUP-бордпен теңізге түскен ер адам суға батып кетті

Құтқарушылардың алдын ала мәліметінше, 1998 жылы туған ер адам SUP-бордпен су бетінде серуендеп жүрген кезде суға батып кеткен. Оқиға шомылуға арналмаған жерде болған. Ер адамның достары оны жағадан шамамен 10 метр қашықтықтан тауып, жағаға алып шыққан.

Оқиға орнына жедел-құтқару қызметінің, ТЖД мен полиция қызметкерлері, сондай-ақ жедел жәрдем бригадасы келген. Алайда көрсетілген медициналық көмекке қарамастан, ер адамды құтқарып қалу мүмкін болмаған.

Маңғыстау облысының ТЖД тұрғындар мен өңір қонақтарын шомылуға арналмаған жерлерде суға түспеуге және судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2026 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз