Нұр-Сұлтан
Қазір
6
Ертең
8
USD
459
-3.86
EUR
532
-4.70
RUB
5.29
-0.05

MEGOGO жазда ең көп тыңдалған аудиокітаптарды жариялады

Үздік үштіктің қатарына, сондай-ақ, Эмили Бронтенің «Грозовой перевал» және Александр Дюманың «Граф Монте-Кристо» сияқты мәңгілік классикалық романдары енді.

Бұдан бөлек, платформаның ең көп сұранысқа ие он аудиокітабының қатарына Сунь-цзыдың «Соғыс өнері», Гомердің «Одиссеясы» және Жюль Верннің шығармалар жинағы сияқты іргелі туындылар кірді.

Қазақстандық подкасттар көш бастап тұр

MEGOGO сараптамасы тыңдаушылардың отандық контентке ерекше көңіл бөлетінін көрсетті. Ең көп тыңдалатын топ-10 аудиоөнімнің арасында қазақстандық жобалар нық орнықты: «Кино айтшы», «Әке толғағы» және танымал «Замандас» подкасты да рейтингтегі жоғары орнын тұрақты сақтап тұр.

Қазақстандықтардың таңдауы: классика және өзін-өзі дамыту

Жанр бойынша қазақстандық пайдаланушылардың қызығушылығы классика мен тұлғалық даму арасында бөлінгенін көрсетті. Платформадағы ең танымал жанрлар:

  1. Классикалық әдебиет — аудиобөлім аудиториясының 27,5%-ы.
  2. Мотивация және тұлғалық даму — 15,7%.
  3. Бизнес және қаржы — 12,6%.
  4. Шытырман оқиғалы әдебиет — 11,1%.
  5. Балалар әдебиеті — 5,4%.

Дүйсенбі — ең көп аудиокітаптар тыңдалатын күн

Тыңдаушылардың апта күндері бойынша белсенділігі де қызықты бөлінді. Аудиокітаптар мен подкасттарды тыңдау белсенділігінің шыңы тұрақты түрде дүйсенбіге келеді екен. Екінші орында — сейсенбі, ал үшінші орында — жұма тұр. Ал подкасттар мен аудиокітаптарға деген қызығушылық ең төмен күн — жексенбі.

«Біз контентті саналы түрде тұтынудың тұрақты трендін көріп отырмыз. Қазақстандықтар өзін-өзі дамыту, қаржылық сауаттылықты арттыру және әлемдік классикамен танысу үшін аудиоформатты жиі таңдайды. Сонымен бірге бізді қазақ тіліндегі контент пен отандық авторлардың жобаларына деген сұраныстың өсуі қуантады. Бүгінде бұл жобалар үздіктер қатарында әлемдік бестселлерлермен тең дәрежеде бәсекелесіп келеді», — деді MEGOGO СЕО-сы Нұрлан Чукубаев.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2026 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз