Нұр-Сұлтан
Қазір
-1
Ертең
15
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

ОҚО-да даладан табылған нәрестенің құлақ тұсында сирек кездесетін белгі бар

Дүние есігін аша салысымен тағдыры шытырманға айналған сәбиді дәрігерлер «ерекше балақай» дейді. Өйткені сол құлағында белгі бар. Мұндай белгімен туатын нәрестелер сирек кездеседі. Сондықтан, дәрігерлер қыз балаға Артуғай деген есім беріпті. Осылайша көшеден табылған тастанды бала мұндағы дәрігерлердің көзайымына айналған.

«Түскен кезде жағдайы ауыр еді. Өйткені денесі қатты суықтап қалған, мерзіміне жеткен белгілермен келген. Салмағы 3 келі 888 гр, бойы – 52 см. Антибиотиктер салдық, дене қызуы біртіндеп түсті. Қазіргі жағдайы орташа”, – дейді нәрестелер бөлімшесінің меңгерушісі Нұрсұлу Кенжебекова.

Ауыл тұрғындарының пайымдауынша, көкек ана баланы әдейі осы жерге тастап кеткен. Өйткені бұл көше үлкен әрі адамдар үзілмейді. Сол күнгі оқиға орнында әлі күнге дейін қан іздері жатыр. Тастанды баланы алғаш көрген жан – Гүлмира Серікбаева. Ол 4 наурыз күні мектепке жұмысқа бара жатқан кезде үйінің маңындағы арықтан жылаған баланың дауысын естіпті. Жүгіріп барса, қытайлық сөмкенің ішінде жаңадан туған нәресте жатыр екен. Кіндігі кесілмеген балақайдың денесінің тоңып қалғанын байқаған Гүлмира ойланбастан алғашқы көмек көрсеткен.

“Баланың кіндігі кесілмеген, жаурап қалған. Сосын сөмкеден шығарып, денесін күнге тоса қойдым. Содан жедел жәрдем келді. Алғашқы көмекті көрсетті. Баланың кіндігін кесті. Тоңып қалғанына қарағанда анасы бір-екі сағат бұрын босанған сияқты”, – кітапханашы Гүлмира Серікбаева.

Баланы кездейсоқ тауып алған ол тастанды қызды асырап алғысы келеді. Өйткені «тағдырдың жазуымен шақалақтың ары қарай өмір сүруіне себепші болғым келеді» дейді. Бірақ, бұл балақайдың ата-анасы кім болары әлі белгісіз. Дегенмен, қазірдің өзінде сәбиді асырап алуға ниет еткендер көп. Ал құзырлы орган өкілдері айдың-күннің аманында туған баласын далаға тастап кеткен көкек ананы іздестіруде.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз