Нұр-Сұлтан
Қазір
6
Ертең
3
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Қоймады ғой! Депутаттар бюджетті қайта есептеп жатыр

Жоспар бойынша алдағы жылдардың бюджетіне қосымша 380 миллиардқа жуық теңге бөлінбек. Оның жартысынан көбін жұмыспен қамту, денсаулық, білім беру сынды әлеуметтік салаға жұмсау жоспарланған. Сондай-ақ, Үкімет қауіпсіздікке де ерекше көңіл бөліп отыр. Лаңкестік, экстремизм, ел ішіне төнген өзге де қауіп-қатерге қарсы 100 миллиард теңге қарастырылмақ.

Сонымен қатар, алдағы бюджет есебінен Астананың инфрақұрылымын жақсарту да басты міндеттің бірі болып тұр. Ал Ұлттық қордан бөлінетін трансферттің көлемін қысқартамыз,- дейді шенеуніктер.

Ұлттық банк те алдағы жылдары инфляция көлемі 6-8 пайзыдан еш аспайды деп сендіреді. Мәжіліске түскен басты қаржылық құжатты депутаттар ертең Үкімет мүшелерімен бірге талқылайды.

Гүлжан Қарақұсова, Мәжіліс депутаты:

-Бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізуге негізгі болып макроэкономикалық көрсеткіштер болжамының өзгеруі және бюджеттің кіріс бөлігінде жыл басынан бастап салықтық түсімдердің серпінін нақтылау табылады. Ұлттық қор қаражатын тиімді пайдалануға, экономикалық өсімді қамтамасыз ету бойынша дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асыруға бағытталған.

bezymyannyj

 
Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз