Ақтөбеде 4 қыздың орамал таққаны үшін ата-аналарын сотқа берді. Бұл жайлы Бердібек Сапарбаев қала белсенділерімен кездесуде талқылады, деп жазады Мой город.
“Бұлар өте қиын отбасылар. Біз олармен жұмыс істеп жатырмыз. Үйіне барып сөйлестік. Олармен ардагерлер де сөйлесті”, – деді әкім орынбасары.
Бердібек Сапарбаев ата-аналарды сабақ алу үшін біршама уақытқа қамауға алу керек екенін айтты.
“Мұндай оқушылардың әкелерін 10-25 күнге дейін қамау керек. Ойланып көрсін. Балаларының болашағын ойласын. Ең үлкен жұмыс – тәрбие беру. Ақтөбеде сәл бірнәрсе болса, бүкіл Қазақстан шулап кетеді”, – дейді Сапарбаев.