91 тобы туралы мен де айтайыншы, ішіме сыймай барады.
Ол жігіттердікі просто талғамның жоқтығы.
Анау үстіндегі жүн-жұрқа не бәле? Анау шеткісінің үстіндегі қара „ветровка” тіпті арзанқол киім.
Әйтпесе…
Балаларың солар сияқты киініп кетпесін десеңдер, балаңызда кішкене күнінен талғам қалыптастырыңдар.
Сосын, өздерің бес жасар ұлдарыңа тыртиған джинсы кигізіп, оны „подтяжкамен” ұстатып қоясыңдар, басына қалпақ қонжитып, сосын “ойбай, 91 балаларымызды бұзатын болды” деп байбалам саласыңдар.
Назгүл Қожабек