«Бәйтерек» ұлттық холдингінің басқарма төрағасы Қуандық Бишімбаев Қызылордадағы әйнек зауытының құрылысынан 1 млрд теңге ұрлаған, деп жазады Zakon.kz.
Ұрланған ақша сыбайлас компания арқылы жұмысшылардың тамағы мен жатын орны үшін деген желеумен қолма-қол ақшаға айналдырылған екен.
Бишімбаев ұйымдастырған қылмыстық схемаға «Orda Glass» ЖШС және «Шымкентхиммонтаж» ЖШС-інің Ибрашев Д., Исабек Ж. және Қожабаев М. деген азаматтар да қатысқан.
Аталған соманың 2 млн долларын Қуандық Бишімбаевтың жеке өзі делдал – інісі Нұрлыбек С. арқылы алған.
Тергеу әлі жүріп жатыр.