АҚШ-тың Әділет министрлігі Red Granite Pictures продюсерлік фирмасын Малайзияның инвестициялық қорынан ақша ұрлады деп айыптауда. Сол себепті голливуд актері Леонардо Ди Каприо «Уолл-Стрит қасқыры» фильміндегі рөлі үшін сыйға алған «Оскар» мүсінін қайтарып беруге мәжбүр болды, деп хабарлайды Baq.kz шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап.
2013 жылы Ди Каприоның қатысуымен түсірілген «Уолл-Стрит қасқыры» фильмін түсіру кезінде Red Granite Pictures продюсерлік компаниясы қордан ақша ұрлаған деп отыр АҚШ әділет министрлігі. Сол себепті Ди Каприо «Оскар» сыйлығынан басқа қайырымдылық бәссаудасын ұйымдастыру үшін сыйға алған заттарын да қайтарып берген.
Айта кетерлігі, Леонардо Ди Каприо бұл жүлдені «Уолл-Стрит қасқыры» картинасына қатысқаны үшін продюсерлерден сыйға алған болатын. Ал актерге алғаш рет «Оскар» сыйлығы 2016 жылы The revenant («Выживший» немесе «Итжанды адам») фильміндегі рөлі үшін табысталды.