Нұр-Сұлтан
Қазір
14
Ертең
15
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Оқыс деген аяқ-асты. Павлодарда Универсиадаға дайындық кезінде cтудент бетін күйдіріп алды (фото)

101

Студенттің айтуынша, төтенше жағдай Павлодардағы мемлекеттік университетте Универсиада алауын жағуға дайындық кезінде болған.

“Универсиаданы ашу рәсіміне бір сағат қалғанда, алауды қалай жағу керектігін тағы бір рет тексеріп шығу үшін дайындықты бастадық. Сценарий бойынша, мен Сұлтанмахмұт Торайғыровтың рөлін ойнаймын. Сол сәтте мен алауға қарай еңкейіп едім, от лап етіп, бетімді күйдіріп жіберді. Бірден басымды тартып қалдым, қатты ауырды”, – деді студент.

Алған күйігіне қарамастан павлодардық жігіт көріністегі рөлін соңынан дейін сомдап шықты.

“Мен жедел жәрдемді шақырған жоқпын, қойылымды тоқтатқым келген жоқ. Бағдарлама аяқталған соң достарым мені ауруханаға апарды”, – деді студент.

Жігіттің айтуынша, ол қатты күйік алмаған. Ең бастысы көзіне зақым тимеген.

“Мұнда ешкім кінәлі емес. Мен алаудың қасына өзім барып жақындадым. Оны ешкім де байқамады”, – деді зардап шеккен студент.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз