Жаңа оқу жылында Төле би ауданына қарасты бес елді-мекенде «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында 800 орынды бес мектеп пайдалануға берілді.
Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің сайтында хабарланды.
Білім ұяларының ашылу салтанатына қатысқан аудан әкімі Бұхарбай Парманов барша ұстаздар мен оқушыларды білім күнімен құттықтап, Төле биде 150 орынды екі мектеп және 250 орынды үш мектептің оқушыларға есігін айқара ашқанын хабарлады.
Жаңадан ашылған барша мектептің ғимараттары заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Мәселен, мұнда лингафонды кабинеттер, интерактивті тақталар, мультимедиялық құралдар, жаңа үлгідегі химия және биология кабинеттері оқушылардың сапалы білім алуына мүмкіндіктер туғызары хақ.
Сондай-ақ, спорт залдары мен шеберханалар, мәдениет залдары оқушылардың өздері қалаған кез келген спорт пен өнер түріне баулиды.