Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Оңтүстікте 3 рет егізді болған жас отбасы елдің сүйіспеншілігіне бөленді (фото)

300

Түлкібас ауданындағы «Жедел жәрдемнің” дәрігері Ғалбият Ғалымның отбасында былтыр 6 шілдеде егіз ұл бала дүниеге келіп, шаңырақтың шаттығына шаттық қосты. Биыл сәбилер 1-жастан асып, тәй-тәй басып жүр. Жас жұбайлардың екеуі де дәрігер болып қызмет етеді.

14199740_140340383084648_5870472787255999810_n

Ғалбияттың жары Ұлбосын Жасимбекова 30 жаста болса, өзі 34-ке толды. Тіл-көзіміз тасқа дейік, бұл жас отбасында бүгінде 8 қара домалақ өсіп келеді. Жас та болса, батыр ана атанған Ұлбосын осымен үшінші рет егіз перзенттерді өмірге әкеліп отыр.

14232550_140340449751308_6110085482082854550_n

Тұңғыш қыздары Аружан 4 -сыныпта оқиды. Оқу озаты. Бауырларын жұбатып, қарайлауға жарап қалды. Егіз қыздары Қымбат пен Сымбат 6 жаста. Одан кейінгі егіздері – Ұлжан мен Ұлпан 5 жасқа аяқ басты. Бұл қос егіздер де өздерінен кейінгі кішкентайларға қолғанат. Ақарыс атты ұлдары 3 жаста. Ал, 2015 жылы бұл батырдың ізінен егіз інілері Бекарыс пен Жанарыс есімді балақайлар дүниеге келіп, отбасына «ақ түйенің қарны жарылды» дейтіндей қуаныш сыйлады. Егіз ұлдардың бірінің салмағы – 3600 болса, екіншісінікі 3200 болды. Анасының да, балалардың денсаулығы жақсы. Бірақ, қос сәбиге ана сүті жетіспеген соң, қосымша жасанды сүт берілді.

Жас отбасы «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша «Жанкент» мөлтек ауданынан үй алған.

14102749_140341106417909_1336971523152586280_n

Бұл заманда 8 баланы асырап-бағу, оның ішінде егіздердің күтімдері оңай емес, әрине. Бұл орайда, дәрігерлер отбасы өз еңбекақыларын қанағат тұтып отыр.

Билік тарапынан қосымша қолдау болса қанеки, нұр үстіне нұр болар еді ғой.

Ғалбияттың ата-ана, бауырлары Қытайда, Тарбағатай өңірінде тұрады. Ал, перзенттерінің дүниеге келуін, егіздердің әкесі атанғанын өміріндегі басты сәттілік, құдайдың берген бақыты деп есептейді.

Бүгінде Ғалым Ғалбият «Жедел жәрдемнің» дәрігері болумен қатар, Алатау медицина орталығында да қосымша қызмет атқарады. 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз