Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
11
USD
432
+2.31
EUR
506
+3.43
RUB
5.52
+0.10

Оңтүстік Қазақстанда жоғалып кеткен келіншекті күйеуі өлтірген болып шықты

Күдікті әйелінің өлі денесін Жібек жолы ауылы маңындағы Келес өзеніне апарып, батырып жіберген.

Сарыағаш ауданының 27 жастағы тұрғынына іздеу салынғанына 6 күн болды. 9-тамыздан бері оны ешкім көрмеген. 10-тамызда жергілікті полиция бөлімшесіне әйелінің Шымкент қаласына тауарға кетіп, содан оралмағандығы туралы ер адам арызданған.

Ал Нұрипа Құрбанованың туыстары журналистерге оның күйеуінен күдіктенетінін айтқан. Себебі, олар үнемі жанжалдасқан және өлтірем деп үнемі қорқытатын болған.

Нұрипа Құрбанова – кәмелеттік жасқа толмаған үш баланың анасы және төртінші балаға аяғы ауыр болған. Бірнеше жылдан бері Сарыағаш ауданы Абай ауылындағы базарда сауда-саттықпен айналысқан. Туыстары оның күйеуімен жиі ұрысатынын және кезекті жанжалдан кейін Нұрипаны таппай қалғандарын айтуда.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз