Нұр-Сұлтан
Қазір
17
Ертең
10
USD
446
-0.83
EUR
475
-0.80
RUB
4.78
-0.01

Оңтүстік Қазақстанда жаппай төбелесіп, атысқан жігіттерге қатаң үкім шықты

200

Осы жылы шілде айында Сарыағаш орталығында екі жігіттің ерегісі жаппай төбелеске ұласып, ақырында оқ атылған. Араздасқандардың бірі Ердәулет Қасым 16 калибрлі қарумен келіп, қарсыластарының бірінің басына оқ атқан. Зардап шеккен жігіт ауыр жарақат алғанымен, аман қалды. Және сот талқылауы барысында сотталушымен татуласты.

“Тергеу барысында куәгерлердің түсініктемесі мен сараптамалар нәтижесінде сотталушылардың кінәсі толығымен дәлелденді, Қасым да өз кінәсін мойындады. Сот Ердәулет Қасымды өміріне қастандық ойлағаны үшін айыпты деп танып, 12 жылға бас бостандығынан айырды, ол жазасын қатаң тәртіпті колонияда өтейді. Шыңғысхан Тұрғанбек бұзақылық және қаруды заңсыз пайдаланғаны үшін 4 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді”, — деп хабарлады судья Самидин Темірәлиев.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз