Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
13
USD
421
0.00
EUR
499
0.00
RUB
5.6
0.00

Оңтүстік Қазақстан облысында қатты дауыл салдарынан болған шығын толықтай өтеледі

ҚазАқпараттың хабарлауынша, күшті дауылдың салдарынан Отырар ауданына қарасты 7 ауылдық округтегі 650 үй мен 20 әлеуметтік нысан бүлініп, шамамен 75 миллион теңгенің шығыны келген.

Брифингте сөз алғандардың айтуынша, бүгінгі таңда ондағы 156 баспана кәсіпкерлер мен жергілікті тұрғындардың күшімен қайта қалпына келтірілген. Ал Түркістан қаласындағы Қарашық ауылында ауданы 500 шаршы метр 1 мектеп пен 963,93 шаршы метр «Ататүрік» атындағы білім ордасының шатыры ұшқан. Аталған білім ордаларына келген шығын – 12,2 млн теңге.

Түркістан қаласы мен Отырар ауданы әкімдерінің шешімі негізінде қос өңірде жергілікті маңыздағы төтенше жағдай жарияланды. Бұл тосын жағдайдан келген шығынды заң аясында төлеуге мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңда үзілген электр желілері қайта жалғанып, электр қуаты толығымен берілді. Сондай-ақ, қос ауданда дауылдың салдарынан болған залалды жоюмен айналысатын арнайы топтар мен еріктілер тобы құрылды.

14 маусым күні түнде болған күшті желдің салдарынан Отырар ауданы мен Түркістан қаласында жүздеген нысанның шатыры ұшып, ғимараттарға зиян келген болатын. Қазір оқиға орнында арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр. Табиғаттың тосын мінезінен орын алған төтенше жағдай облыс әкімінің жіті бақылауында екенін айта кетелік.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз