Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
20
USD
449
+0.08
EUR
478
+1.11
RUB
4.76
-0.01

Оңбайтын ел екенбіз! Қазақ профессоры қазақтың алдында орысша сайрапты

122

“Кеше Шымкентке ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясының профессоры, мемлекеттік қызметшілердің жеке құзіреттілігін зерделеу орталығының меңгерушісі Лейла Өмірзаққызы Асылбекова келді де:

“Мен екінші мемлекеттік тілде сөйлемін!” деп, қазақтың қаймағы бұзылмаған оңтүстіктің тұрғындарына Ресей Федерациясының мемлекеттік тілінде сайрай жөнелді.

Сонда еліміздегі мемлекеттік тілдің біреу екенін және ол тілде сөйлегісі келмейтін профессорлар бізге не үйретпек?

Оңтүстіктегі 8300 мемлекеттік қызметкердің барлығы дерлік мемлекеттік тілді меңгергенін білеміз, бірақ барлығы жаппай көрші елдің мемлекеттік тілін біледі деп айта алмаймыз.

Сонда мына Лейла-ханымның бұл қай мазағы?

ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясының ректоры Фатима Надырқызы Жақыпова Оңтүстікке “екінші мемлекеттік тілді” емес, өз мемлекеттік тілімізді меңгерген адам жібере алмағаны ма?

Сорақылық қой!

Ал ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңесінің төрағасы Әли Амантайұлы Көмекбаев іс-шараға дайындық барысында осындай мәселелерге мән бермегені қалай?

Осыдан соң біз қалай оңамыз?

(Ә.Ә.)

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз