Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Нұрсұлтан Назарбаев: Қазақстан жаңа сандық форматқа көшу үрдісінен тыс қалмауы керек

«Машина жасау экономиканың негізгі салаларының бірі. Мемлекет бұл бағыттың орнықты дамуы үшін барынша қолдау көрсетіп келеді. 2017 жылы машина жасау өнімінің көлемі 1 трлн теңгеге жуық болды. Биылғы форумның негізгі идеясы машина жасау саласындағы төртінші өнеркәсіптік революция, жаһандық технологиялық прогрестің қазіргі болмысына сәйкес келеді.

Машина жасау ісі қарқынды дамып, жүргізушісі жоқ автокөліктер, роботтандырылған зауыттар және сутегі отынымен жүретін машиналар бүгінде озық елдер үшін үйреншікті құбылысқа айналды», – делінген Елбасының сөзінде.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы бүкіл әлем жаңа сандық форматқа көшіп жатқанын, Қазақстан да бұл үдерістен тыс қалмауы керек екенін қадап айтты.

«Машина жасау саласын дамытудың 2019-2030 жылдарға арналған кешенді жоспары форумда талқыланатын маңызды тақырыптардың бірі болмақ. Жаһандық технологиялық үдерістерге сай өндірісте жаңғыртуды көздейтін аталған бағдарламалық құжат саланы дамытудың стратегиялық бағдарын айқындайды. Іс-шара аясында нәтижелі пікірталас болып, осы салада өзекті мәселелерге қатысты нақты ұсыныстар әзірленеді деп сенемін», – деді Н. Назарбаев.

Айта кетейік, форум «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында дамудың жаңа мүмкіндіктері» тақырыбында өтіп жатыр.

Форумда тек машина жасау саласының ғана өзекті мәселелері емес, сонымен қатар барлық өңдеу өнеркәсібінің ірі жүйелі проблемалары талқыланады. Индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының бірінші бес жылдығын іске асыру жылдарында машина жасау саласы еліміздегі ең қарқынды дамыған салалардың бірі болды.

Өндіріс көлемі 2010 жылғы 376 млрд теңгеден 2014 жылы 870 млрд теңгеге дейін, яғни 2,3 есеге ұлғайды. Өңдеу өнеркәсібі көлеміндегі отандық машина жасаудың үлесі 9,7 пайыздан 14,8 пайызға дейін өсті. 2018 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша машина жасау өндірісінің көлемі 638,1 млрд теңгеден асып, өсім 13,8 пайызды құрады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз